Қазақ халқында көп мақал бар. Мақал — халықтың ақылы.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Бұл мақал еңбек туралы. Кім жақсы жұмыс істейді, сол адам аш болмайды.
«Досың мың болсын, дұшпаның бір болмасын». Дос көп болғаны жақсы. Жау бір де болмағаны жақсы.
«Отан оттан да ыстық». Адам үшін туған жерден қымбат ештеңе жоқ.
«Ер қанаты — ат». Бұрын қазақтар атпен жүрді. Ат жігітке қанат берді.
Мақалдар қысқа, бірақ оларда үлкен ой бар.
